Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
3 шілдеде жедел басқару орталығының "102" арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні және электр тоғынан қайтыс болғаны анықталған.