Шымкент патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала бойынша жалған мемлекеттік нөмірімен жүрген автокөлікті анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жүргізуші 590-баптың 4-бөлімі бойынша жауапқа тартылды. "Киа-Рио" маркалы, мемлекеттік белгісі 0745 көлігі Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы М.Бекееваға бекітілген. Айта кету керек, бұл көліктің артында жарты миллион теңгеге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу жәйіттері бар", - делінген Facebook желісіндегі жазбада.
Еске салайық, Шымкент Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Мөлдір Бекеева бұрынырақ өзіне қол жұмсамақ болған. Ол 5 сәуірде Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан.