20 ақп, 2020 сағат 11:57

Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті

Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті. Полиция ер адамды іздестіріп жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінен келісімшартпен қызмет еткен кіші сержант қашып кетті. Қаруды сақтау бөлмесінде бірнеше қару жоғалғаны анықталды", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Құқық қорғау органдары мен әскери полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы қолға алынды.

Желіде кезекшінің көмекшісі таңғы 4-те кезекшілік кезінде қару ұрлап, бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Мәтінде "Перехват" жоспары жүргізіліп жатқаны айтылған. 

Әскери қызметші отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны - 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.