27 жел, 2019 сағат 15:26

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

М.Әйтенов 1981 жылы туған, білімі жоғары.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж.ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж.ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж.ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2019 ж.ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметтерін атқарған.