Фото: shymkent.gov.kz
Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылдың 20 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты жемқорлық жасады деген күдікпен ұстады.
Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр" - делінген ведомство хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.