Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қазақ тіліне қатысты өзін сынап жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" rgmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев халық алдында есепті кездесуін өткізді.
Кездесуде экс-мәжілісмен, кезінде оңтүстікте ірі қызметтер атқарған Шалатай Мырзахметов тіл мәселесін көтерді. Естеріңізде болса, қала әкімі Әл-Фараби ауданы әкіміне тек мемлекеттік тілде баяндама жасағаны үшін ұсыныс түрде ескерту жасап еді. Міне, бұл жайт Қазнетте қызу талқыға түсті. Осыны назарға алған экс-мәжілісмен:
"Осы шектеу қойған кезде Елбасының тіл туралы саясатын толыққанды қолдап жатырмын деп ойлайсыз ба? Сіз басқарып отырған қаланың 80-90 пайызы өмірде мемлекеттік тілді пайдаланады. Бұл шектеуіңіз көпке топырақ шашу емес пе? Егер БАҚ дұрыс жазбаған болса, оларды кешірім сұрап, қайтадан қате хабарландыру болды деп жазуға әрекет жасадыңыз ба?", – деп әкімнен аталған сұрақтарға жауап беруді сұрады. Қала тұрғындарының сұрағына бірден жауап беруді жөн деп тапқан Нұрлан Ермекұлы сұрақ иелеріне жазбаша түрде нақты жауап берілетінін айтып, Шалатай Мырахметовтың сұрағына жеке тоқталып өтті.
"Бірінші, Қайрат Рысқұлбековатың сөзі. "Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар, еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!" Екінші, Расул Гамзатовтың сөзі бар: "Егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын" деген. Бұл жерде мен сізге көмекші боламын, аға. Бірге жұмыс істейік", — деп жауап берді.
Бір айта кетерлігі, қала әкімі бұл кездесуде мемлекеттік тілге басымдық берді.