Шымбұлақ тау шаңғы курортына биылғы алғашқы қар түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қар курорттың жоғары жағына, Талғар асуына жауған. Курорт жұмысшылары таңданысын жасыра алмай, оның видеолары мен фотоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Хабарларға қарағанда, асудағы ауа температурасы күндіз 6-8 градус нөлден жоғары, ал қаланың ішінде Цельсий бойынша 25-28 градус ыстық. Таудың шыңдарын жаңа қар қабаты басқанын қаладан көруге болады. Ол жаздың аптабынан кейін ауа райын аздап салқындатады.