Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Абай мүсіні жөнделмек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өткен жылы Көкпекті ауданында Абай ескерткіші бой көтерген. Осымен облыс бойынша хакім ескерткіштерінің саны 8-ге жетті. 2020 жылдың сәуір айына дейін Үржар ауданындағы Абай мүсіні жөнделіп, аумағы абаттандырылады», - дейді ШҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқарма басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова.
Оның айтуынша, биыл қазақтың бас ақынына жаңа ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасалмаған.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өткізілетіні хабарланған болатын.