Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны дала жануарларының мүйізін рұқсатсыз жинағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
23 шілдеде комитеттің шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті әскери қызметшілері табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп, Бұланбай мекенінде, шекара белдеуінде дала жануарларының мүйізін заңсыз жинаған ҚР азаматын ұстады.
Бұл жағдайда Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 370-бабы, 3-тармағы бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Тәркіленген мүйіздің жалпы салмағы - 10 кг.
Материалдар тергеу тәртібі бойынша Зайсан ауданының табиғатты қорғау полициясына берілді.