20 қаң, 2020 сағат 09:10

Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан 200 адам құтқарылды

Соңғы үш күнде ШҚО аумағында қарлы боран соғып, барлық бағытта тас жолдар жабылды. Төтенше жағдай қызметі жолда қалған 200-ден астам адамды құтқарды, – деп хабарлады Altaynews.

Құтқарушылар Бородулиха және Шемонаиха аудандарында, Өскемен-Семей тас жолында қар құрсауында қалған 150 автокөлікке  көмекке келді.

Сондай-ақ, Көкентау ауылдық округінде бір отар малымен боранда адасып кеткен қойшыны іздеп тапты.

Қазір қала сыртындағы тас жолдарда 200-ден астам техника жұмыс істеуде.