Фото: instagram.com/altay_pro.kz
Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
14 тамызда таңертең Мұзтау шыңының айналасын қар басып қалған.
"Соңғы 10 жылда осы уақытта қар жауғаны есімізде жоқ. Алғашқы қарды Мұзтау етегінде көрдік", - делінген Altay-pro лагерінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, лагерь теңіз деңгейінен 1950 метр биіктікте, тау етегінде орналасқан.
15 тамызда синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. Түнде облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады.