07 қыр, 2022 сағат 12:38

Шығыс Қазақстан облысында орман өрті сөндірілді


Шығыс Қазақстан облысын орман өрті шарпыды: құрғақ шөп табиғи апатқа әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қыркүйекте Катонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылынан сегіз шақырым жерде болған.

"Ново-Березовское орман шаруашылығы аумағындағы орманды алқапта 40 гектар аумақта құрғақ шөптер мен бұталар өртенді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге 60-тан аса адам мен бес техника жұмылдырылған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, әкімдік пен полиция қызметкерлері айналысты.

"7 қыркүйек күні таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді", - деп қосты департаменті өкілі.