16 нау, 2023 сағат 13:18

"Шығындар кірістен екі есе тез өсіп жатыр". Сенат спикері Үкіметке жүгінді

сурет ашық дереккөзден алынды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық бюджет шығыстарының кірістен екі есе артқанына наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәулен Әшімбаев кейінгі бес жылда республикалық бюджеттің кірісі мен мұнайдан түсетін түсімдер 66 пайызға, шығыстар осы кезеңде 120 пайызға артқанын атап өтті.

"Бізде кірістерге қарағанда шығыстар екі есе артқан. Осыған байланысты Үкіметтің бұл ақшаны не Ұлттық қордан, не бюджет тапшылығын арттыру арқылы алуы түсінікті және қисынды. Бюджетті осы нақтылауда бюджет тапшылығы бұрынғы деңгейде қалғанын, яғни Ұлттық қордан алғанын көреміз. Басқа дереккөздер жоқ. Немесе салық базасын ұлғайту қажет.

Осы орайда, бәрімізге қаржылық тәртіпке келіп, стратегиялық шығыстарға Ұлттық қордың қаражатын ғана жұмсап, жалпы алғанда, Ұлттық қордың активтерін ұлғайту бойынша нақты стратегия болуы керек деген басты месседж. 4 триллиондап ақша алатын болсақ, бұл активтерді қалай және қандай жолмен көбейтеміз?", - дейді Сенат спикері.