24 қар, 2021 сағат 21:23

Швецияда ел тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды


Магдалена Андерссон Швеция тарихындағы бірінші әйел премьер-министр атанды. Швеция бұл оқиғаға дейін Скандинавия елдерінің ішінде ұлт көшбасшысы ретінде әйелді сайлап көрмеген жалғыз ел болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

54 жастағы Магдалена Андерссонды бұл қызметке Швеция парламенті бекітті. Ол Стефан Левеннің орнына келді. Швед заңына сай, премьер-министр болу үшін парламент мүшелерінің басым бөлігі қарсы дауыс бермеуі керек. 

Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясының көшбасшысы Магдалена Мандерссонды таңдауға 174 депутат дауыс берді. Бұл депутаттардың жартысынан аз. 117 депутат Мандерссонның кандидатурасын қолдап, тағы 57-сі дауыс беруден бас тартты. Осылайша, елдің жаңа премьер-министрі аз айырмашылықпен жеңіске жетті. 

Сайлау қорытындысы белгілі болғаннан кейін Социал-демократиялық жұмысшы партиясының көшбасшысына Риксдаг қабырғасында құрмет көрсетілді.

Андерссон мамандығы бойынша – экономист. Ол Стокгольм экономика мектебін тәмамдап, 1992 жылы іскерлік әкімшілік және экономика саласындағы ғылым бакалавры дәрежесін алған. 1995 жылы ол оқуын Гардардта жалғастырды.

Ол саяси мансабын 1996 жылы премьер-министр Йоран Перссонның саяси кеңесшісі ретінде бастаған. 2014 жылы Андерссон Швецияның қаржы министрі атанды. Оған дейін бұл лауазымда да әйелдер болмаған.