Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы әкім Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Наурызбай ауданы. Тұрғындармен кездестім, толғандыратын мәселелерді талқыладық. Олар: ауыз су, абаттандыру, инфрақұрылым және электрмен жабдықтау. Іс-қимылдың арнайы жоспары жасалатын болады. Аудан әкімі @SanzharTogay-ға тиісті тапсырмалар берілді. Олар - менің жеке бақылауымда», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар, қала басшысы Шұғыла мөлтек ауданында газбен қамтуға қатысты пікір білдірді.
«1 тамызға дейін газ келеді. Ол менің ерекше бақылауымда», - деді ол.