«Жолаушылар тасымалы» АҚ бір реттік қосымша пойыздардың іске қосады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«31 тамыз күні №220/219 «Нұр-Сұлтан 1 – Шу» бағыты бойынша Нұр-Сұлтан-1 стансасынан сағат 09.55 жөнелтіліп, Шу қаласына сол күні кешкі 20.00 келеді. Кері бағытта Шу стансасынан 21.15 шығып, Нұр-Сұлтан қаласында таңғы 08.50 жетеді. 2-4 қыркүйек күндері №302/301 «Алматы-2 - Новосібір» бағыты бойынша Алматы-2 стансасынан 2 кыркүйек күні сағат 17.13 жөнелтіледі, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 кыркүйек күні сағат 14.31 шығады (жергілікті уақыт)», - делінген компания хабарламасында.