Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің департаменттеріне ресми фейсбук-парақша ашуды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өткен жылдың соңында Фейсбукте парақша және тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары үшін жеке пошта аштым. Осы уақытта әлеуметтік желілердің дәстүрлі БАҚ-тан кем түспейтін маңызды байланыс құралы екенін түсіндім. Осыған байланысты, Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің департамент басшыларына қызметтік мақсатта ресми фейсбук-парақша ашуды тапсырамын», - деді Алик Шпекбаев Агенттіктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, әлеуметтік желі тұрғындардың нақты мәселесінен хабардар болып, жұмыстың ашық болуын қамтамасыз етеді.
«Барлықтарыңыз мінсіз имидж болғанын қалайсыздар, сондықтан желіде белсенді жұмыс істейсіздер деп үміттенемін. Жаңа дәуірдің жаңа талаптары бар және жақын болашақта жұмысымыздың басым бөлігі цифрлық кеңістікке өтеді. Дамыған елдердің көпшілігінде мемлекеттік органдар әлеуметтік желі арқылы ресми жауап таратады. Біз де біртіндеп осыған келе жатырмыз», - деді Алик Шпекбаев.