15 нау, 2017 сағат 15:44

Шпекбаев: Әкімдіктер - ең парақор құрылымдар

Әкімдіктер - ең парақор құрылымдар. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ең көп пара алатындар — әкімдіктегілер, ішкі істер қызметіндегілер, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті. Осы құрылымдарда парақорлық жайлап тұр, бұларға қарсы ескерту мен профилактикалық шаралар қолдану қажет», — деді Шпекбаев.

Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру керек және мемқызметте жүргендердің жалақысын өсіру қажет.

«Бірінші кезекте оларда экономикалық мотивация болуы тиіс. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізбеген басшыларға талапты күшейтіп, шара қолдану керек», — деді ол.