Фото: reewungjunerr/Depositphotos.com
Арнайы прокурорлар Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінде азаптауды қолдану дәлелдерін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадағалау органы тергеудің заңсыз әдістері мен сотталғандарға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға қол жеткізген.
"Биыл ақпанда бас прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі болып табылатын полиция қызметкері М.-ға қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды.
Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған", - делінген хабарламада.