Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Шығыс Қазақстан облысын екіге бөліп, Абай облысын құру туралы жариялағаннан кейін жергілікті тұрғындар арасында қызу пікірталас туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Халық арасында 1997 жылға дейінгі Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарының аумағы бұрынғы шекараларында қалды деген пікір кең тараған. Бұл аймақтардың шекарасын Тарбағатай және Көкпекті аудандары бөледі. Әлеуметтік желілерде қазір Көкпекті ауданының құрамына кіретін бұрынғы Самар ауданы тұрғындарының өздерін Шығыс Қазақстан облысының құрамына қайта бөлу туралы петициясы тарап жатыр (картада - 2б).