Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жоспар бойынша құрылатын Абай облысы аумағы - 185,5 мың шаршы шақырым. Облыс халқының саны - 638 мың адам.
Абай өңіріне облыстық маңызы бар екі қала - Семей және Курчатов қалалары, сондай-ақ сегіз аудан: Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті және Ақсуат аудандары кіреді.
Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы аумағы - 97,8 мың шаршы шақырым, ал халық саны - 717 мың адам.
Шығыс Қазақстан облысына Өскемен және Риддер қалалары, сондай-ақ тоғыз аудан кіреді: Алтай, Глубоковский, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самара, Тарбағатай.
1604 рет оқылды