07 қыр, 2022 сағат 17:56

ШҚО-дағы өрт: ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Фото:instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысында өрттің жақындауына байланысты Каменный Карьер ауылындағы адамдарды эвакуациялау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірнеше күннен бері Шығыс Қазақстан облысының өртсөндірушілері бірнеше аумақта шөп пен бұталарды шарпыған өртті сөндіріп жатыр. Табиғи сипаттағы өрт Алтай өңірінде, Марқакөл, Катонқарағай, Глубоковский аудандарында, сондай-ақ Өскемен қаласынан алыс емес жерде тіркелген.

Бүгін өрт Каменный Карьер ауылына (Глубоковский ауданы) жеткен.

"Құтқарушылар, әскерилер мен полиция, Ұлттық ұлан мен орманшылар 60 гектар аумақта құрғақ шөп, бұталар өртіне қарсы күресіп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстарына ауа райы кедергі келтіріп жатыр: ауа температурасы +35 градус, екпіні секундына 15 метр болатын жел соғып тұр", - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Ведомствода қазіргі уақытта тұрғын үйлерден адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын түсіндірді, шамамен 50 адам.

Өртті сөндіруге 500-ге жуық адам мен 50-ден аса техника жұмылдырылған.

Осыдан бірнеше сағат бұрын Горная Ульбинкаға баратын жолдың бір бөлігі жабылған болатын. Оған себеп – жолға жеткен күшті өрт.

Бұл ретте ертең Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейтіні айтылды. Қазгидромет мәлеметінше, 8 қыркүйекте облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстікте, шығыста жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.