Фото: Polisia.kz
ШҚО-да полиция қызметкерлері заңсыз діни материалдар таратқан әйел адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz медиа-порталына сілтеме жасап.
ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады, ол танымал мессенджердің көмегімен басқа пайдаланушыларға сот шешімімен тыйым салынған бейнероликтерді жіберген.
Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін еске салады.