Семейде көктайғаққа байланысты қала мектептерінде сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 10 ақпан күні Семейде екпінді жел мен көктайғаққа байланысты 1-11 сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды», - деді ТЖД-дан.
Бұдан бөлек, ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО-ның Шемонаиха ауданында оқу процесі тоқтатылды. Мұнда бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармады.