ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының өлі денесі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Портал мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы полиция бөлімімен Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйітінің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталғанын хабарлаған.
Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.
"Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды" - делінген хабарламада.