28 сәу, 2022 сағат 18:35

ШҚО-да бүтін бір елдімекен тұрғындары ішімдіктен бас тартқан


Шығыс Қазақстан облысында бүтін бір елдімекен тұрғындары ішімдіктен бас тартты. Дүкендерде алкоголь өнімдері мен темекі сатылмайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шағын Жанұзақ ауылында 70-ке жуық отбасы тұрады. Олар үш жылдан бері ащы су ішіп, темек тартудан жаппай бас тартқан. Үйге келген қонаққа да арақ-шарап ұсынылмайды. Алкогольді өнімді ауылдағы дүкендерден таппайсың. Осының арқасында ауылда ұрлық-қарлық пен бұзақылық сап тиылды дейді тұрғындар. Салауатты өмір салтын ұстанған жастардың көбі бос уақытын спортқа арнайды.

"Талайдан бері дүкендерде арақ сатылмайды. Себебі ешкім арақ ішпейді. Бұл келешек ұрпақтың тәрбиесіне үлкен көмек. Балаларға келсек, олар спортпен шұғылданады. Күн демей, түн демей, қолы босай қалса, футбол ойнайды", - дейді ауыл тұрғыны Маржангүл Мағауиянова.