Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар енді қандай да бір құқық бұзушылық туралы өз арыздары мен хабарламаларын қас-қағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады. Ол үшін арнайы «102» мобильді қосымшасы іске қосылды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Белгілі болғанындай, департамент бөлімшелерінде азаматтардың өтініштерін қабылауға арналған 40 жұмыс орны әзірленген. Белгілі болғанындай, аталған бағдарламаны орнату өте оңай.
«Android жүйесіндегі смартфондар үшін «Play Mapкет» және IOS жүйесіндегі смартфондар үшін «App Store» қосымшасы арқылы жүктеуге болады. Содан кейін экранның жұмыс панелінде «102» белгісі пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеліп, электронды поштасы мен телефон нөмірін енгізеді. Оператормен байланысқа шыққанда автоматты түрде геолакция қосылып, өтініш берушінің деректері шығады. Бұл уақытты барынша үнемдейді», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама жазып, оқиға орнында түсірілген фотосуреттер мен бейне түсірілімдерді жіберуге болады. Сондай-ақ бейне немесе аудиоқоңырау шалу мүмкіндігі де бар. ⠀
Айта кетейік, аталмыш қосымша пилоттық режимде сынақтан өткен. Екі апта ішінде полицияға «102» мобильді қосымшасы арқылы жеті өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарға қатысты. Жаңа сервисте азаматтар полицияға тәулік бойы хабарласа алады.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында ата-анаға баласының қайда жүргенін біліп отыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасалды.
«Қосымша арқылы полиция қызметкерлері азаматтың тұрған жерін анықтап, жылдам әрекет етеді. Бұдан бөлек, цифрландыру аясында балалар қауіпсіздігі бойынша «Мені тап» жүйесі іске қосылды. Аталған мобильді қосымша балалардың киіміне жапсырылатын трекерлердің көмегімен олардың қайда жүргендерін қадағалауға мүмкіндік береді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Оның айтуынша, жергілікті полиция қызметін реформалау жұмыстары жалғасуда. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың стандарттары мен сақшылардың жұмыс алгоритмі қайта қарастырылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында бірнеше мобильді қосымшалар іске қосылды. Атап айтқанда, бірінші, «102» мобильді қосымшасы. Бұл қосымша арқылы Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар енді қандай да бір құқық бұзушылық туралы өз арыздары мен хабарламаларын қас-қағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында ата-анаға баласының қайда жүргенін біліп отыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасалды. Ол арқылы полиция қызметкерлері азаматтың тұрған жерін анықтап, жылдам әрекет етеді. Бұдан бөлек, цифрландыру аясында балалар қауіпсіздігі бойынша «Мені тап» жүйесі іске қосылды. Аталған мобильді қосымша балалардың киіміне жапсырылатын трекерлердің көмегімен олардың қайда жүргендерін қадағалауға мүмкіндік береді.