Шығыс Қазақстан облысында 6.3 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі 4 сәуірде, Астана уақытымен 21:03-те тіркелген. Эпицентрі - Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 863 шақырым жерде. Жер сілкінісінің ошағы - 10 шақырым тереңдікте. Энергетикалық дәрежесі - 13.3.
Зайсанда 6 баллдық жер сілкінісі сезілген. Ал Өскеменде 3-4 баллдық жер сілкінісі болған.