14 мау, 2023 сағат 16:48

ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері күдіктінің неше жаста екенін нақтыламады. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында болған.