Шығыс Қазақстан облысында бүгінде атауы идеологиялық тұрғыда ескірген 148 көше тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ономастика саласы елімізде ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде үлкен маңызға ие. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысында 141 әкімшілік-аумақтық бірліктің, 791 көшенің, 64 мектептің атауы өзгертілді. Көше атауларының 56%-ы 2017-2019 жылдары ауыстырылған» - дейді ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Төлемісова.
Оның айтуынша, қазірде өңірде атауы идеологиялық тұрғыда ескірген 29 әкімшілік-аумақтық бірлік, 3 мектеп және 148 көше бар.
«24 Ленин атындағы, 10 Киров атындағы, 35 Советская, 14 Октябрская, 11 Комсомольская атты көшелердің атауы ауыстырылуы керек. Осы мақсатта алдағы уақытта тиісті шаралар атқарылады», - дейді Роза Әшімханқызы.