Қазақстанда шілдеде қанттың орташа құны маусым айымен салыстырғанда 31 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қалалардағы бағалар туралы есепке сәйкес, елдегі қанттың орташа бағасы 537 теңгені құрады. Маусым айында 506 теңге болған.
Ең қымбат қант Алматыда – 581 (маусым айында 537 теңге) және Қонаевта – 555 теңге (526 теңге) сатылады. Ең арзаны – Петропавл мен Ақтөбеде – 484 (442) және 449 (440) теңге.
Қазақстан қалаларындағы қанттың құны (тг):
Нұр-Сұлтан – 482 (478)
Алматы – 581 (537)
Шымкент – 505 (489)
Ақтау – 498 (472)
Ақтөбе – 449 (440)
Атырау – 554 (512)
Жезқазған – 481 (476)
Көкшетау – 519 (504)
Қарағанды – 515 (483)
Қонаев – 555 (526)
Қостанай – 510 (480)
Қызылорда – 499 (494)
Орал – 525 (499)
Өскемен – 518 (475)
Павлодар – 531 (480)
Петропавл – 484 (442)
Семей – 518 (481)
Талдықорған – 486 (480)
Тараз – 525 (491)
Түркістан – 552 (512)