Қазақстанда абаттандырылған үйлерді алып-сату бағасы бір айда 1,1% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бір айда, яғни 2021 жылғы шілдеде 2021 жылғы маусымға қарағанда:
- абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы – 1,1% өсіп, бір шаршы метрінің бағасы 339 935 теңгені құрады;
- жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,4% қымбаттап, бір шаршы метрі 270 368 теңге болды;
- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу 0,6% қымбаттап, бір шаршы метрі үшін төлем 1775 теңгені құрады.