Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2025 жылы жаңа жобалар қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы алғанда, 2025 жылы жаңа жобаларды іске асыру және жаңадан шаралар қабылдау арқылы: өңдеу өнеркәсібінің жылдық көлемі 19,7 трлн теңгеге, өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынатын инвестиция 3,5 трлн теңгеге, шикізат емес тауарлар экспорты 21,8 млрд АҚШ долларына жеткізіледі», - деді Б. Атамқұлов.
Оның айтуынша, технологиялық жағынан күрделі тауарлар өндірісін және экспортты арттыру есебінен Қазақстан экономикалық күрделіліктің әлемдік индексінде 69 орынға көтеріледі.