Маңғыстау облысында шетелдік туристер мінген 12 көлік жауын суынан пайда болған балшыққа батып қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Жаңаөзен қаласынан 120 шақырым жердегі «Бекет ата» жерасты мешітінің маңында болған.
«25 шілдеде Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне «Бекет ата» жерасты мешітінің маңында шетелдік туристердің 12 көлігі балшыққа батып қалғаны туралы ақпарат түсті. Оларды құтқару үшін 4 техника мен 11 қызметкер жұмылдырылып, 8 автокөлік шығарылды. 4 автокөлік батпақтан өз күштерімен шықты», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.
Барлығы 24 турист құтқарылды, оларға мединицалық көмек қажет болған жоқ.
Айта кетейік, құтқару жұмыстарына Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның техникалары мен қызметкерлері қатысты.