Қазақстандағы шетелдік компаниялар "Google салығы" бойынша Қазақстан бюджетіне 3 миллиард теңге төледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жыл басынан бері Желіде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) ҚҚС ("Google салығы") төлеуі тиіс.
"Бұл салық жаңалық емес, ол әлемнің көптеген елінде қолданылады, мысалы Францияда - 2017 жылдан, Ұлыбританияда - 2020 жылдан, Италияда - 2021 жылдан, Түркияда 2020 жылдан бастап. Бұл салықты ТМД елдерінде де, Ресейде - 2017 жылдан, Беларусьте - 2018 жылдан, Өзбекстанда 2021 жылдан бастап қолданады. (...)
Біздің азаматтар бұл салықты төлемейді. Салықты шетелдік интернет-компаниялар төлейді", - деді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.
Салықты тұрақты төлемейтіндерге қатысты мынадай шаралар қолданылады:
- салықтан жалтарған шетелдік интернет-компаниялар атауын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
- салықты тұрақты төлемейтіндер туралы шетелдік салық басқармасына хат жолдау;
- салықтан жалтару әрекеті жалғасса компания ресурстарына қолжеткізуді шектеуге немесе толығымен тыйым салынуы мүмкін.
"2022 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан бюджетіне "Google-ға салық" түрінде барлығы 3 миллиард теңге түсті", - деп толықтырды МКД өкілдері.