Фото:elements.envato.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа өзгеріс енгізді. Құжат "Казахстанская правда" басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 14 наурыздағы өз жарлығын 1-1-тармақпен толықтыруға қаулы етті. Енді баламасы 10 000 АҚШ долларынан асатын және Ұлттық банктің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомада қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын, сондай-ақ тазарылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және ALTYN BARYS алтынынан және KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, тазартылған алтынның 100 грамнан астамын шекарадан шығаруға салынған тыйым мыналарға қолданылмайды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операциялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымына кіретін ұйымдардың операциялары;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекет аумағынан әкелінген және қайта өңдеу шарттары туралы құжат және мемлекеттік бақылау актісі негізінде "кері экспорт" кедендік рәсімі мәлімделетін шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған тазартылған алтынды әкету;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің алыс-беріс шикізатын қайта өңдегеннен кейін алынған тазартылған алтынды кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол мемлекеттің аумағына (қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды негізінде) әкету;
4) Екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасалған тиісті шарт негізінде жүзеге асырылатын, төлемге жарамсыз және (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын әкетуі;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайлар қамтылуға тиіс.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.