фото: elements.envato.com
Биыл ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері Оңтүстік Қазақстанда қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы террористік әрекет жасамақ болған шетелдіктің жолын кесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сонымен қатар Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, тағы 4 қазақстандық әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, бұл қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталық 188 оқу-жаттығу өткізген. Құзыретті мемлекеттік органдар күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталған.
Одан бөлек жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілген.