Фото: depositphotos.com
Алматыда ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады, - деп хабарлайды Ult.kz, Massaget.kzке сілтеме жасап.
Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді.
Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталған жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды.
"Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.