25 шіл, 2025 сағат 11:30

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты


Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев Instagram-парақшасында айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

«Шерзат ісі бойынша аппеляциялық сот мәжілісі 2025 жылдың 18 тамызы сағат 11:00-ге Алматы облысы сотының ғимаратында қарау тағайындалды. Сонымен қатар Думан ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылдың 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды», дейді адвокат.


Еске салайық, Думан Ысқақ ҚР қылмыстық кодексінің 434-бабы «қылмысты жасыру» бабымен айыпталып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Шерзат Полаттың отбасы үкім шықпай тұрған кезде-ақ кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа (2007 жылы туған) кешірім берген.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың қазасына кінәлі деп табылған азаматтар 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілген.