Фото: ҚР ТЖМ
Шемонаихадағы жарылыста зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды. Олардың денесін 100% дерлік күйік шалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, денесінің 98 пайызын күйік шалған екі адам көз жұмды.
"Дәрігерлер тәулік бойы олардың өмірі үшін күресіп, қолдан келгеннің бәрін жасады. Басқарма басшылығы да оқиға орнында болды. Зардап шеккендердің жағдайы бойынша облыстық және республикалық дәрігерлермен сағат сайын телемедицина жүйесі арқылы кеңестер өткізілді.
Олар 48 сағаттан кейін қайтыс болды. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.
Сондай-ақ жарылыс кезінде зардап шеккен тағы екі науқас ауруханада ем алып, сауығып келе жатқаны айтылды.
«Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.