Шемонаиха қаласындағы жарылыстан болған өрт жойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша 16:16-да сөндірілген.
"Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы - 80 шаршы метр.
Мекеменің 1974 және 1975 жылы туған қызметкерлері термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді" - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Шемонаиха қаласындағы газ баллонына жанармай құю станциясында жарылыс болып, екі адам зардап шеккені хабарланған болатын.