Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен оның досын Мәскеудегі әуежайлардың бірінде әбден тексерген. Шекара қызметі оларды "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының содырлары деп қалып, ұстап жауап алған.
Оқиға орнына келген шекарашылар Нурмагомедовтің танымалдылығына мән бермеген. Сондықтан спортшы мен оның досынан барлық ереже бойынша жауап алынды, деп хабарлайды sports.kz.
Ресейлік шекарашылар жауап алу және тексеру барысында күдікті ештеңе таппай, оларды босатады. Турцияға бара жатқан Нурмагомедов тексерушілердің бұл қылығына наразы болған. Ыңғайсыз жағдайға қарамастан бүкіл тексерістен кейін шекарашылар спортшы мен оның досымен естелік фотоға түскен.
Айта кетсек, 6 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды.
*ИГ — ИГИЛ, "Ислам мемлекеті" — Қазақстан, Ресей және басқа да мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым.