01 мам, 2020 сағат 10:22

Шекарада 1 млн-нан астам масканы көліктегі жүктің арасына жасырып алып өтпек болған

Қостанайда шекарадан заңсыз медициналық маска алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 1 мамырында Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің департаменті «Қайрақ» автомобиль пунктінде 1 млн астам медициналық масканы заңсыз алып өтпек болған жүк көлігін ұстады. 

Тәркіленген маскалардың сомасы шамамен 118 млн теңгені құрап отыр. Күдіктілер жеке қорғаныс құралын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған.