Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр. Істе Дана Әтешова отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайына қарсы дөрекі сөз сөйлеген деп айыпталған, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Істі Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.
Судья қылмыстық-процестік кодекстің 529-бабына сәйкес сот қылмыстық теріс қылық бойынша хаттаманы оқып берді.
Айыпталушы өз сөзінде бұрынғы әйеліне ешқандай физикалық күш қолданбағанын айтты. Сараптамадағы көгеру белгілерін Әйтешова өз-өзіне жасаған болуы мүмкін екенін айтты.
"Ашуын басуы үшін жерге құлап, басын жармауы үшін қолыммен қатты ұстағаным рас. Мен оны сүйреген жоқпын. Өзі құлайын деп жатқанда ұстап қалғаным рас. Ал шашынан тартқаным туралы бұл жалған. Керісінше, балаларымның анасына ешқандай теріс пиғылым жоқ. Себебі бар ойым балаларымды қауіп-қатерден сақтап қалу болды", – деді Марат Әйтенов.
Іске қатысты 15 куәгер айғақ беруге тартылған.
Шымкенттің экс-әкімнің ағасы өз отбасы мүшелерін үйінен күштеп шығарғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған болатын.
Айта кетейік, Марат Әйтенов пен Дана Әтешова екеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалған.