08 шіл, 2022 сағат 18:52

"Шаршамадым": Көлгінов отставкаға кетпейтінін айтты


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов отставкаға кеткісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер елорда әкімінен "Жұмыстан шаршаған жоқсыз ба?" деп сұрады.

"Мен шаршаған жоқпын. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқанымды мақтан тұтамын. Күн тәртібінде тұрған мектеп, қолжетімді баспана, көпір салу, әлеуметтік мәселелерді шешу, тұтас қаланы дамыту секілді міндеттерді шешуге бар күшімді салуды парызым деп санаймын", - деп жауап берді Алтай Көлгінов.

Еске салайық, Алтай Көлгінов елорда басшысы болып 2019 жылдың 13 маусымында тағайындалған болатын. Оған дейін ол Батыс Қазақстан облысын басқарды.