Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Ал, бір тұрғын аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде аталған көлік апаты туралы видео тарады. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.
«Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.