03 қар, 2022 сағат 10:40

Шахтадағы төтенше жағдай: полиция тергеуді бастады


Қарағанды ​​облысының полицейлері төрт адам қаза тапқан "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ленин атындағы кеніште болған ТЖ дерегіне қатысты ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын.