© AP Photo / Jeffrey T. Barnes
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Қазақстан" шахтасында өрт шыққаннан кейін 222 қызметкер жер бетіне шығарылды. Бес адамды іздестіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, бас ауруы мен жөтелге шағымданған 13 адам оқиға орнында дәрігерлерге жүгінген. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханада жатыр: екеуі – Шахтинск қаласының орталық ауруханасында, екеуі – облыстық медицина орталығында.
Айта кетейік, 17 тамызда сағат 10:05 Д6 (көкжиек – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. Кейін апатты жою жоспары енгізілді.
Жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Оқиға орнында "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің себептері анықталады.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиға орнында жүр.