Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қарағандыда Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 14 кенші жерленді. Ақпарат пен құрбандар тізімін "АрселорМиттал Теміртау" растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Тізімде жеке басы анықталған кеншілер көрсетілген:
- Адампаев Ерболат Мұратұлы;
- Шотаев Амангелді Мейрамұлы;
- Мұсабеков Әсет Қанатұлы;
- Жанзаков Айзат Айханұлы;
- Алиякпаров Қуандық Серікұлы;
- Кадиров Ринат Мубаракзянович;
- Крайнов Олег Викторович;
- Богатырев Илья Константинович;
- Абилов Айбек Нұрғалиұлы;
- Бобряшов Сергей Владимирович;
- Шулевский Михаил Леонидович;
- Петренко Владимир Ильич;
- Крикунов Павел Александрович;
- Магиев Жанболат Темиргалиевич.
Еске салайық, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Соңғы, 46-шы кеншінің денесі әлі табылған жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Кейін Үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.