08 қар, 2022 сағат 13:30

Сеулде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді


Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Марқұм қыздың үлкен әпкесінің айтуынша, Мәдинаның денесі Алматыға 3 қарашада жеткізілген.

"Біз неге ұзаққа созылып кетті деп қатты уайымдадық. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Бейсенбі Мадинаның денесі Алматыға жетті. Оның қасында бір түн болдық. Сенбі күні таңертең оны жерледік", - дейді әпкесі.